• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

231 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті. Бұл жүлдені биатлоншы қызымыз Галина Вишневская жеңіп алды. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд көрсеткішінде топ жарды. Айта кетейік, Галина Вишевская осымен Универсиаданың екінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін ол 15 шақырымда жекелей сынға түсіп, күміс медаль алған. Бұл сында Алина Райкова бірінші орынға ие болған. Қазақстан құрамасы 28-ші қысқы Универсиада ойындарының үшінші алтын жүлдесіне ие болды. Қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар жерлестеріміз қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға көтерілді.