• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Құрық портының бас директоры тағайындалды

312 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының шешімімен «Құрық порты» ЖШС бас директоры қызметіне Мырзабек Сақтағанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған дейін ол Құрық портындағы паром кешені директорының орынбасары лауазымында болды. Паром кешенінің екінші кезеңі 2017 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Жүк және жолаушы кемелері түйісетін тағы 2 көпір салынады деп күтілуде. Кешен арқылы астық, мұнай өнімдері және басқа да халық және өндірісте тұтынатын түрлі тауарлар тасымалданып, еліміздің көліктік-логистикалық жүйесі  кеңейеді. Жылына 5,1 миллион тонна жүк тасымалдайтын қуатты кешеннің арқасында шетелдермен арадағы тауар айналымы артады. Құрық портындағы бұл кешеннің құрылысы 2015 жылдың сәуірінде басталған еді. 2015 жылдың маусымында «Боржақты-Ерсай» темір жол желісі бойынша құрылыс материалдарын жеткізу үшін қозғалыс ашылды.