Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың финалына шықты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 67,06 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшыдан кейін екі ресейлік Елизавета Безгодова (62,42) мен Анастасия Первушина (56,49) орналасты.
Бұдан бөлек ақтық сынға тікелей жолдама алғандардың қатарында украиналық Татьяна Петрова (47,45), австриялық Катарина Рамзауэр (46,40), финляндиялық Анниина Лахти (46,17), неміс қызы Анна Редекер (41,39) және австриялық Джина Пфайфер (33,24) бар.
Могул спортшыларының арасында финал Астана уақытымен 13:00-де өтеді.