Қазақстандық екі могулшы Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың финалына шықты, деп хабарлайды vesti.kz.
Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша 78.94 ұпай жинаған Рейхерд бірінші орынға шықты, ал Колмаков 70.33 көрсеткішімен үшінші орынға табан тіреді. Екінші орынға ресейлік спортшы Сергей Шимбуев (70.90) орналасты.
Ал Қазақстан атынан шыққан Александр Геберт пен Константин Горлачев финалға өте алмады.
Могул спорты бойынша финал Астана уақытымен 13:25-те өтеді.
Осыған дейін, Қазақстандық могулшы Юлия Галышева да ақтық сынға жолдама алған.