Юлия Галышева Қазақстан қоржынына Универсиаданың төртінші алтынын салды. Могул сайысының ақтық сынында Юлия Галышева 73.80 балл жинады.
Күміс жүлде ресейлік құрамаға берілді, ал қола жүлдені Австрия спортшысы иеленді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін биатлон бойынша спринттік жарыста қазақстандық спортшы Галина Вишневская ел қоржынына үшінші алтынды салған болатын.