Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың бесінші алтын медалін алып берді.
Финалда Дмитрий Рейхерд 79.94 ұпай жинады. «Күміс» медаль ресейлік Сергей Шимбуевке бұйырды. Оның ұпайы 79.11. Қазақстандық тағы бір спортшымыз Павел Колмаков 76.95 ұпай алып, «қола» жүлдеге ие болды.
Сонымен, Қазақстанның қоржынында 12 медаль бар: 5 алтын, 2 күміс, 5 қола бар.