• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Сотқа рақымшылыққа байланысты 9,5 мың материал жіберілген

177 рет
көрсетілді

Қазақстанда рақымшылыққа байланысты 9,5 мың материал сот қаралымына жіберілген, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметі. 2017 жылдың 1 ақпанындағы деректерге сүйенсек, 115 адам бостандыққа шықты. Өңірлер арасында бостандық алғандар саны жағынан Қызылорда, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда тұр. Шартты түрде жазасын өтеп, пробация жүйесінде есепте тұрған тағы 132 адам босатылды. Мұндағы үздік «үштікке» Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары енді. «Бүгінге дейін соттарға 9,5 мың материал қаралымға жіберілген. Оның ішінде ҚАЖ мекемелерінен сотқа жіберілген екі жарым мың материал босатуды ғана емес, жаза мерзімін  1/2, ¼ және 1/5 қысқарту және бас бостандығын шектеуді айыппұлға ауыстыруды көздейді. Тағы жеті мыңнан астам материал пробация желісі арқылы сотқа жіберілді. Олар қалған жаза бөлігін қоғамнан оқшауланбай өтеу және жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуды қарастырады», - деп хабарлады ҚАЖ Комитеті.