• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

«Индустрия 4.0» негізінде технологиялық жаңғырту шаралары қолға алынады

306 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Индустрия 4.0» процесін Қазақстанда дамытуға айрықша назар аударды, деп жазады ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Фейсбуктегі парақшасында. "Көпшілікке «Индустрия 4.0» ретінде белгілі төртінші өнеркәсіптік революция бүгінде әлемдегі жаһандық экономикалық маңызы бар тенденцияға айналды. «Индустрия 4.0» өнеркәсіп салаларын трансформациялау үшін алдыңғы қатарлы ақпараттық коммуникациялық технологияны кеңінен қолдануға қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы мен еліміздегі халықаралық тәжірибеге сәйкес, «Индустрия 4.0» негізінде біртіндеп өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртудың кешенді шарасы мен тиісті тұжырымдама әзірленетін болады. Жалпы, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу Қазақстан өнеркәсібіне қолданыстағы жүйені жеңілдетуге көмектеседі. Жаңа технологиялар электронды форматта деректермен алмасуды ұйымдастыруға және жергілікті жерде аз мөлшермен шығаруға мүмкіндік береді (мысалы, автомобиль өнеркәсібінің қажет бөлшектері). Өндірісті автоматтандыру адам еңбегін алмастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, роботталған дәнекерлеу кешенінің бір операторы тапшылығы ұдайы сезілетін 5-10 білікті дәнекерлеушіні алмастыра алады. Бұл тұрғыда оларды оқытуға жұмсалатын шығын азаяды, сонымен қатар, салаға жастарды тартуда кәсіптің беделі артады. «BCG» сарапшыларының пікірі бойынша, «Индустрии 4.0» енгізу Германияда өңдеу өнеркәсібінде өнімділік 90 млрд. еуродан 150 млрд. еуроға дейін артқан. Ал, неміс компанияларының қосымша табысы жылына 30 млрд. еуроны құрайды. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың пікірінше, «Индустрия 4.0.» технологиясына көшуге 20 жылға жуық уақыт қажет. Дегенмен, қазірдің өзінде сандық негізге көшу үшін тиісті алғышарттарды жасау керек. Мысалы, түрлі елдерде орташа және ұзақмерзімді бастамалар мен «Индустрия 4.0.» технологиясын енгізудің тиісті тұжырымдамалары қабылданған: «Industrie 4.0» (Германия), «Industrie du Futur» (Францияда), «Manufacturing innovation 3.0» (Оңтүстік Кореяда), «Make in India» (Үндістан), «Industria Conectada 4.0» (Испанияда), «Ұлттық технологиялық бастама» (РФ), «The New Robot Strategy» (Жапония), «Manifattura Italia» (Италия), China Manufacturing 2025 (ҚХР) және т.б", - дейді министр.