• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Тойға күліп барып, күрсініп қайтамыз

672 рет
көрсетілді

Жуырда бір үйлену тойына бардым. Жас жұбайлардың шаңырақ көтергеніне қуанған халық та көп жиналыпты. Той басталды. Асаба арқырап шықты ортаға. Барлығы өзінің рет-ретімен болып жатқан... Кенет асаба жас жұбайларды ортаға шығарып, бір-бірімен сүйістіріп қойды. Жастар ұялатын емес. Бірақ үлкендер жағы амалсыз төмен қарады. Одан әлеуметтік желі­лер­ден бір сұмдықты тағы көр­д­ік. Той үстінде бір жігіт бір келіншекті «домбыра» қылып, «күй» тартып отыр. Күй таспада өздігінен ой­нап тұр, әрине. Ал әлгі жі­гіт келіншекті «домбыра» қы­лып сабалап қоятын емес. Күй де анау-мынау емес, Құрманғазының «Адай» күйі. Асаба бұл жерде елді күл­ді­р­­ді, бірақ бүлдірді. Осын­дай жағдайлар бүгінде кең етек жайып келеді. Тойға көп ел күліп барып, күрсініп қай­татын болды. Мұның бә­ріне кінәлі – тойдағы тәр­тіп­сіздіктің алға шығуы. Үй ие­сі­нен берілетін ескерту жоқ. Тойды әлбетте біздер қа­зы­наға балаймыз. Қазақ дұға-ті­лекте де тойдан айырмауын тіл­ейді. Әлдебір кісі дүние сал­ғанда, оған көңіл айта бар­ғанда да біздер «Тойға ке­лейік, арты той болсын» деп жатамыз. Ал той деген не нәрсе? Секіріп билеу ме, байлығын көрсету ме, әлде көпшіліктің көзінше тәртіпсіздік ұйымдастыру ма? Кей асабалардың мә­де­ниетінің төмендігі бас­­қар­ған тойларынан-ақ кө­рі­ніп қалып жатады. Бір ақ жау­лықты әжені сөз беру үшін ортаға шақырған асаба әл­гі кісіге қарап: «Апа, мені та­ныдыңыз ба?» дейді. Әлгі кей­­уана танымағанын айтады. Сон­­да әлгі асаба: «Неге та­ны­май­сыз апа, баяғыда ке­лін боп түскенде мен сіздің бе­ті­ңіз­ді ашып едім ғой», дейді. Бұл бірақ бер жағы... Тойда қазір ойындардың тү­р­лері де көп. Тойды мә­де­ниет­ті жүргізу, ойын ойнату, халықтың көңілін көтеру аса­ба­ның деңгейіне байланысты. Алайда, кей асабалардың дең­гейі­нің әлгіндей әрі арсыз, әрі арзан ойындардан аса алмай жатқаны өкінішті. Біреу ой­дан, біреу тойдан несібесін те­ріп жейді. Бірақ қазақтың «Той – Тәңірдің қазынасы» де­ген ұлы сөзі ұмытылмаса екен... Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы