• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

«Мен сені сағынғанда...»

447 рет
көрсетілді

«Менің нәзік жанымды кім түсінер» деп кеткен Мұқағали Мақатаевтың болмысын терең таныған Фариза апамыз ақын өмірден өткенде «Жаралы жү­регімді жарға соғам, ор­ныңды еш тұлғамен толтыра алмай» деп, артынан «Ол енді сұңқар жырдың қанатында, көк теңбіл Планетаны аралайды» деген екен. Шынында, Мұқағали қазір халықтық ақынға айналды. Әсіресе, өзі ғасырлар кө­шінде жастардың замандасы боламын дегені бұлжымай келіп, қазір толқын-толқын ұрпақтың сыр­ласына айналды. Өткен сенбі күні елордадағы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде ақынның туған күніне орай «Мен сені сағынғанда...» деген атпен әдемі кеш өтті. Кеш­ті білім ордасының басшысы Роза Болатаева ашып, ақынның өмір жолына, өлең өрнектеріне тоқталды. Бұдан кейін оқушылар Мұқағалидың өлеңдерін оқып, жиналғандарды күй күмбіріне бөлеп, би ырғағымен тербеді. Ұстаздар қауымы «Қош, махаббат!» атты драмасындағы жастарға қажет тұрақтылық пен адалдықты баяндайтын сәттерді әдемі көріністермен алға тартты. Жалпы, өркениетті елдерде, оның ішінде көршіміз Ресей халқы А.Пушкиннен бастап, Н.Рубцовқа дейінгі атақты ақын­дарының туған күнін жыр әлеміне айналдырып, бүкіл ел көлемінде атап өтіп жататыны белгілі. Сондай үрдіс біздің Отанымызда да қалыптасса, өлең дүниесіндегі алыптарымызды кейінгі ұр­пақ танып, олардың рухани құн­дылығынан нәр алып, ұлттың жақсыларын ардақ тұтуды үйренер еді. Сонымен, өлең мен қара сөзді ұштастырған Мұқа­ғали туындыларын әр қырынан келіп түлетуге мектеп директорының орынбасарлары Н.Ысқақова мен А.Иманбаеваның, сол секіл­ді кітап­хана меңгерушісі А.Жақ­сылықованың, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Алдабер­гено­ваның көп еңбек сіңіргенін атап айтуға болады. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»