• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Бірауыздан қолдау білдірді

181 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев «Қазақстан газ ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесуде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы жан-жақты талқыланды. Кездесуге қатысушылар еліміздің бұдан былайғы дамуы айқындалған шаралардың маңызды екенін бірауыздан айта келіп, Мемлекет басшысының ұсыныстарына бірауыздан қолдау білдірді. Т.Мұқашев кейбір өкілеттік­тер­дің Үкімет құзыретіне берілуі әлеуметтік-эконо­микалық міндеттерді тиімді іске асыруға қосымша серпін беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді Үкіметтің толық көлемде іске асыруға қабілеттілігі, қазіргі заманның қатерлеріне жедел әрекет ететіні және маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына бақылауды қамтамасыз ететіні айтылды. Пікірсайыс нәтижесінде Мемлекет басшысы­ның қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдауы еліміз дамуының жаңа кезеңіне жол ашатыны атап көрсетілді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ