• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Өзгерістерден оң нәтиже күтеді

133 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаттары Жамбыл Ахметбеков, Бақытгүл Хаменова, Геннадий Шиповских, Марат Бопазов Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Батыс» өңірлік қол­бас­шы­лығының штабында әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті. Әскери қызметшілермен әңгімелесу барысында, депутаттар «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылап, ондағы әлеумет­­тік қам­тамасыз ету бағытын түсіндірді. 2017 жыл­­дың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 20 па­йызға көтерілетініне, 2018 жылдың 1 шіл­десінен бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа әдіс­темесі енгізілетініне тоқталды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі маңызы жоғары мәселе туралы да айтып өтті. Өз кезегінде сөз алған әскери қызметшілер Президент Жолдауын қолдайтындықтарын, елде жүргізілетін реформаларды талқылауға атсалысатындықтарын айтып, оң нәтиже күтетіндіктерін жеткізді. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ