• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Сербиялық дипломатпен кездесті

212 рет
көрсетілді

Кездесуде Гүлшара Әбді­қа­лықова: «Соңғы жылдары Қазақстан мен Сербия ара­сындағы қарым-қатынастар саяси, экономикалық және мә­дени-гуманитарлық салаларда серпінді дамып келе жа­тыр. Сербия Президентінің Қа­зақстанға сапары барысында нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан Пре­зи­­дентінің Сербияға сапары кезін­де де бірқатар маңызды келі­сімдерге қол қойылды. Біздің елімізге Сербияның Пре­мьер-министрі де келіп, эко­но­микалық қатынастарға оң ықпал ететін шешімдер жасалды. Алдағы уақытта сіздердің ел­­деріңіздің Парламент төра­ға­сының да сапарын күту­деміз», – деді. Мемлекеттік хатшы екі­­жақ­ты үкіметаралық комис­­сия­­ның өткен жылы табыс­­ты жұмыс істегеніне, екі ел ара­сын­дағы әріптестік бай­ла­ныс­тың келешегі зор екеніне тоқ­та­лып өтті. Оның айтуын­ша, Қа­зақстан мен Сербия ара­сын­дағы қарым-қатынас қар­қыны жыл санап артып келеді. «Өткен жылдың статис­ти­калық деректеріне сәйкес, өзара тауар айналымы шама­мен 25 миллион долларды құ­­ра­ды. Одан бөлек, мәдени-гу­ма­­ни­тарлық саладағы қаты­нас­тар да дамып келеді. Былтыр Сер­бия астанасында екі елдің Мем­лекет басшыларының қаты­­суымен қазақтың ұлы ақы­­ны Жамбыл Жабаевтың ес­керт­кіші ашылды, сол үшін де ри­зашылығымызды білді­реміз»,– деді Мемлекеттік хатшы. Гүлшара Әбдіқалықова ай­тып өткендей, осы тектес игі шаралар Қазақстанда да ат­қа­рылуда. Бүгінгі таңда Сербия мен Қа­зақстан арасында құрылыс, фар­мацевтика және ауыл ша­руашылығы салаларындағы байланыс күшейіп келе жат­қа­нын айта кету керек. Қазақ­станның көтерме және бөлшек сауда, құрылыс салаларында Сер­бия капиталының қаты­суымен оннан астам бірлескен кә­сіпорын жұмыс істейтіні осының айғағы. Елшімен кездесуде Мем­ле­­кеттік хатшы алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көр­­­ме­сіне Сербия тарапы қаты­­суға ниет білдіргенін тілге тиек етті. Өз кезегінде Сербия елші­сі ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғымен және Қазақстанның БҰҰ Қа­уіпсіздік Кеңесінің тұ­рақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. «Біз алдағы ЭКСПО көр­месіне қатысамыз. Қазір оған әзірлік жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, идеялық және техникалық тұжырымдамасы жақын арада бекітіледі», – деді Владимир Миркович. Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова сербиялық дип­ломатқа Қазақстан мен Сербия арасында сан салалы әрі сенімді серіктестік орнатуға үлес қос­қаны үшін ризашылығын біл­діріп, мықты денсаулық, игілік пен табыс тіледі. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»