Амеркиалық боксшы Роши Уоррен (14-1, 4 КО) BoxNation басылымына берген сұхбатында қазақстандық Жанат Жақияновқа қарсы (26-1, 18 КО) жекпе-жегі жайлы өз ойымен бөлісті.
«Жақияновтың айқастағы бір раундын ғана көріп, таңданысымды жасыра алмадым. Шаршы алаңда ол бірден шабуылға ұмтылады. Қарсыласын төмпештеп, тезірек есінен тандырып тастауға тырысады. Ол менің белбеуіме міндетті үміткер болғандықтан, оның әрбір қимылын жіті бақылап, ұрымтал тұстарды өз пайдама шешуім қажет. Қарсыластарымның бәрін сыйлаймын, бірақ Жанат маған, әсіресе Огайода лайықты қарсылық танытады деп ойламаймын», – деді Уоррен.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте WBA Super және IBO белбеулері сарапқа салынады.