• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Қазақстанның төрт облысында дауыл тұрады

170 рет
көрсетілді

Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысында дауыл тұратыны хабарланды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитеті. Жамбыл облысында 9 ақпанда күндіз және 10 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрге дейін жететін жел тұрады. Таулы және тауға жақын аймақтарда жауын-шашын көп түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 9 ақпанда күндіз және 10 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрге дейін жететін жел тұрады деп күтіледі. Ал Қызылорда облысында 9 ақпанда ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 20-25, кей жерлерде 10-15 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.
Соңғы жаңалықтар