• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Қазақстан мен Иран бірлескен логистикалық инфрақұрылым жобасын қолға алады

195 рет
көрсетілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Иранда болған сапарында «KTZ Express» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) пен «Islamic Republic of Iran Shipping Lines (IRISL)» компаниясы арасында Қазақстанның Ирандағы Төтенше және өкілетті елшісі Б. Әміреевтің қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрудың маңыздылығына орай құрылтайшылық келісімді толықтырды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазынаның" ресми сайты. Айта кетерлігі, 2016 жылы 22 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының президенті Х. Руханидің Қазақстанға сапары барысында «KTZ Express» АҚ мен Иранның IRISL компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құруы жөніндегі құрылтайшылық келісімге қол қойылған болатын. Бірлескен кәсіпорынды 2017 жылғы наурызда іске қосу жоспарланып отыр. Бастапқы кезде көліктік-логистикалық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, Бендер-Аббас портында бірлескен терминал құрылысы биылғы жылдың төртінші тоқсанында басталмақ. Қолайлы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Иран мен Қазақстан арасындағы көліктік- логистикалық қызмет тиімділігін көтеріп қана қоймайды, ТМД елдері, Каспий теңізі порттарының және басқа да маңызды бағдарлардың бірге дамуына ықпал етеді. Бендер- Аббас портында инфрақұрылым жасақтау Парсы шығанағы елдері мен Индия және Африка порттарына жол ашады. Болашақта Инчебурун станциясы мен Ақтау портында терминальдық әлеуетін дамыта түсу көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар