• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

2017 жылы барлық аудан орталықтары 4G желісімен қамтылады

233 рет
көрсетілді

2016 жылы қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру қорытындысында интернет қолданушыларының саны 72,9 пайызға жетті. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникация министрлігінің кеңейтілген отырысында айтты. Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш Қазақстанды Жаһандық бәсекелестіктің индексі рейтингісінде 41-ші орынға шығарған. Сонымен қатар министр 3G және 4G желілері белсенді дамып жатқанына тоқталды. «Белсенді түрде 3G және 4G желілері дамуда. Олардың саны 14,2 млн-ға жетті. 2017 жылдың соңына таман 4G желісімен барлық аудан орталықтарын қамту жоспарланып отыр.  2016 жылы республикалық бюджетке  72 млрд теңге радиожиілік саласы бойынша кіріс түсті», - деді Абаев. Ол айтып өткендей, қала мен ауыл арасындағы «цифрлық теңсіздікті» төмендету мақсатында Министрлік 2020 жылға дейін МЖӘ аясында 2 млн тұратын 3 мың ауылды оптикалық-талшықты байланыс желісімен қамтуды жоспарлап отыр.