• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Дәурен Абаев отандық телеарналарға көрерменнің не себепті көңілі толмайтынын айтты

137 рет
көрсетілді

ҚР ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомтсво басшысы Дәурен Абаев отандық телеарналарға көрерменнің не себепті көңілі толмайтынын айтты. «Біз жүргізген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес жарнаманың көптігі, өңірлік контенттің болмауы, Қазақстан туралы танымдық бағдарламалардың жеткіліксіздігі және қазақстандық телевидениедегі журналистердің кәсібилігінің төмендігі халықтың көңіл толмаушығын туындатады. Біздің телеарналар мұны барынша байыппен ой елегінен өткізіп, көрмерменнің сеніміне ие болуы үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Осы орайда телевидение мен радионы дамыту бойынша жұмыстардың келесі басымдықтарына тоқталғым келеді», - деді Абаев. Бұл ретте министр ең алдымен отандық сериалдардың шетелдік сериалдармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін атап өтті. «2017 жылы көрсетілетін сериал өнімдердің коммерциялық телеарналарда да санын арттыру жоспарлануда. Сериалдар негізінде кинопрокат қызметін жүзеге асыру үшін толықметражды кинотаспалар жасалатын болады. Екіншіден, КРІ жүйесін енгізу арқылы телерадио арна қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігі жетіле түседі. Қызметкерлерді конкурстық іріктеу жетілдіріліп, кадрлық резерв қалыптастырылады», - деді ол. «Біз елдің шекаралық аймақтарында мемлекеттік радиоарналардың қамту аймағын және тарату сапасын арттыратын боламыз", деген министр телеарналарды HD форматына көшіру жұмыстары жалғаса беретінін айтты. Оның айтуынша, тек содан кейін ғана біз жетекші әлемдік ресурстармен шынайы бәсекелес бола аламыз. "Аағымдағы жылы сандық эфирлік телетаратуды енгізу аясында 244 радиотелевизиялық станция салынып, пайдалануға беріледі. Жылдың соңына дейін Қазақстанның бірқатар облыстарында сандық таратуға толықтай көшу жоспарлануда. Ақпарат комитеті БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментімен бірлесіп, барлық осы шаралардың сапалы орындалуына бақылау жүргізуі тиіс", - деді Абаев.
Соңғы жаңалықтар