• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Шахан тұрғындарына 15 миллион теңге қаржы аударды

78 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстандағы алпауыт кәсіпорындардың бірі «Қазцинк» ЖШС мен компания қызметкерлері Қарағанды облысының Шахтинск қаласының Шахан кентінде орын алған төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында құрылған қайырымдылық қорға 15 миллион теңге көлемінде қаржы аударды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қазандық жарылып, бір подьезд толығымен жарамсыз болып, көптеген отбасылар үйсіз-күйсіз қалған еді. Қайырымдылық қорына көмек көрсетуге ниетті кез келген адам қаржы аудара алады. Қор жиналған қаржыға үйсіз қалған шахандықтарға баспана алып беруді жоспарлап отыр. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»  ӨСКЕМЕН    
Соңғы жаңалықтар