• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Жақиянов пен Уоррен көзқарастар дуэлін өткізді

133 рет
көрсетілді

Жеңіл салмақтағы WBA тұжырымының «суперчемпионы» Роуши Уоррен (14-1, 4 КО) мен WBA тұжырымы белбеуінің иегері Жанат Жақиянов көз арбасты, деп хабарлайды vesti.kz. Бұл екі боксшылар арасындағы кездесу ертең, 10 ақпан күні Толедо қаласында (АҚШ, Огайо штаты) өтеді. Бұл жекпе-жекке 29 жастағы америкалық боксшы жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін тіксе, 33 жастағы Жақиянов WBA тұжырымының белбеуін қойып отыр. Бүгін жекпе-жекке бір күн қалғанда қос спортшы көз арбасып, тілшілермен сұхбаттасты. «Бұл мен үшін аса маңызды жекпе-жек. Мен әлемнің "суперчемпионымын", бірақ маған әлі көп нәрсе істеуім керек. Жеңіл салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді жинауды мақсат етіп отырмын. Ал қазір чемпиондық атағымды қорғауым қажет. Жақияновты жеңгеннен кейін мен белбеулерімді басқа боксшылармен жұдырықтасып қорғауға дайынмын», – дейді баспасөз жиыны барысында Уоррен. Айта кетейік, Уорренге қарсы кездесу Жақияновтың АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан бірінші жекпе-жегі. Бұған дейін отандасымыз Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей жерінде жұдырықтасқан еді.