• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Өңір тұрғындары Жезқазғанды бөлек облыс етуді сұрауда

191 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданы тұрғындары Жезқазғанды бөлек облыс ретінде қайта құруды сұрап ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады, деп жазады krisha.kz. Тұрғындардың айтуынша, облыс орталығына шалғай болғандықтан Жезқазған өңірінің әлеуметтік дамуы кенже қалып бара жатыр. Сонымен қатар, қалаға жаңа үйлер салынбай, КСРО кезінен қалған инфрақұрылым жаңартылмай, оның орнына кәсіпкерлердің сауда орындары қаптап кеткен. Тұрғындар Жезқазған бұлай кете берсе Арқалықтың кейпін киеді деп қорқады. Елбасына жолданған хаттың үзіндісі төмендегіше: «Жезқазған өңірінің болашағына алаңдаймыз. Көпшілік тұрғындар балаларын Қарағанды мен Астана секілді ірі қалаларға оқуға жібереді. Кәсіпкерлер Жезқазғанның дамуына үлес қосуға құлықсыз. Қарағанды мен Астанадан жылжымайтын мүлік сатып алады. Өңірдің адамдары жаппай кетіп жатыр. Енді олардың қайта оралуы мүмкін емес...» делінген хатта. 1997 жылы Қарағанды облысына қосылғаннан кейін Жезқазған мысының қаржысы Қарағандыны гүдендіруге жұмсалуда. Сонымен қатар, салық пен инвестицияны да Қарағанды басқарады. Қаланы бөлек облыс ретінде құру үшін жергілікті халық қазір петицияға қол жинап жатыр.
Соңғы жаңалықтар