Қытайдағы «I am a singer» xалықаралық байқауына қатысып жүрген қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тың «The Voice» конкурсына қатысатыны әзірге белгісіз. Бұл туралы оның PR-директоры әрі досы Алпамыс Шәрімов мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Америкадан шақырту тек биыл ғана емес былтыр да түскен. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі бірнеше конкурстардан да ұсыныс бар. Бірақ өздеріңіз білетіндей, қазір уақытымыз болмай жатыр. Қытайдағы конкурстың небәрі төрт кезеңінен өттік, алда әлі он тур бар. Осыған дайындалып жүргендіктен нақты келісімді бере алмаймыз», – деді Шәрімов.