• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2017

Қытайға барған әрбір шетелдік саусақ іздерін тапсырады

267 рет
көрсетілді

Қытай 2017 жылдан бастап елге келетін барлық шетелдіктердің саусақ іздерін міндетті тапсыруды енгізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің сайтында хабарланғандай, саусақ іздерін 14-70 жас аралығындағы барлық шетел азаматтары тапсыратын болады. Тек, дипломатиялық төлқұжаты бар тұлғалар, өзара артықшылығы бар елдің азаматтары, сондай-ақ вице-министр және одан жоғары деңгейдегі тұлғалардың делегациясына бұл заң қолданылмайды. Жаңа енгізілген заңнаманың апробациясы 10 ақпан күні Шэньчжэнь қаласының әуежайынан басталады. Ары қарай бұл ереже Қытай шекарасында орналасқан басқа да бақылау-рұқсатнама бекеттерінде қолданысқа енгізіледі.