Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Кездесу барысында министр Елбасыға Алматыда өткен Қысқы Универсиада бойынша есеп берді.
- Қазақстан Универсиаданы лайықты деңгейде өткізді. Жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен біздің спортшылар жас буынға үлгі көрсетті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Министр Мемлекет басшысына бұқаралық спортты одан әрі дамыту шаралары туралы әңгімеледі.
-Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін Азиадаға және 2018 жылы Корея Республикасында өтетін жазғы Олимпиадаға дайындалу үстінде, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Президент классикалық өнерді, киноны дамыту және жас дарындарға қолдау көрсету керектігін айтты. Сонымен қатар министрге бірнеше тапсырма берді.