Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындары тарихта студенттер жарысына келген көрермендер санымен есте қалды. Бұл туралы Универсиада-2017 билетпен қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Вадим Дергачев мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
«Биыл қысқы ойындарға 230 мың адам келді. Барлығы 117 жарыс 8 нысанда өткізілді. Халықаралық FISU ұйымы қысқы Универсиада ойындарында көрермендері ең көп болған студенттік жарыс екенін растап берді", - деді Дергачев.
Билетпен қамтамасыз ету департаменті жетекшісінің айтуынша, адамдар ең көп келетін спорт түрі – хоккей. Мұнда матчтарға 90 мыңнан аса адам келген. 50 мыңға жуық адам мәнерлеп сырғанау жарыстарын тамашалаған. Дергачевтың айтуынша, керлинг, шорт-трек сияқты жарыстардың өзінде отыратын орындар толы болған.
«Шамамен келушілер саны 80 пайызды құрады. Көптеген жарыстарда адамдар толып отырды», – деді Универсиада дирекциясының өкілі.