Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар және жер қойнауын пайдалану субъектілерін мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.