• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Мәжіліске Қытай елшісі келді

164 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Рес­публикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті. Дипломатты қарсы алған парламентші мейманды Қытайдың жаңа жылымен құттықтап, елшіге ізгі тілектер білдірді. Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты ынтымақтастық байланыстарға айрықша назар аударатынын атап өтті. 2017 жылы екі мемлекет ара­сындағы достық байланыстарға ширек ғасыр болатыны айтылды. Осы жылдар арасында барлық бағытта, әсіре­се, экономика мен саяси байланыстар өркендеп, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесіне айналды. Кездесуде екі ел парламенттері байланыстарының өзара үнқатысуының маңызы да айтылды. Елші Қазақстанда жасалып жатқан жаңғыртулар мен реформаларды қолдайтынын білдірді. Экономикалық жағдай мен тіршілігі тұрақты, аспаны бейбіт, гүлденген Қазақстан әлем алдында өз орны бар, оны Қытайдың бағалайтынына тоқталды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар