• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Жүгі салмақты бағдарлама

222 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларымен танысқанда мен оларда Қазақстанның ұлттық және қауіпсіздік мүдделерінің ескеріліп, дұрыс бағдарланған даму стратегиясына соншалықты сәйкес келетініне назар аударамын. Соңғы Жол­дауы да ауқымды экономикалық маз­мұнды қамти отырып, нақтылы ұзақ мерзімді перспективаларға иек артып, елдің халық­аралық аренадағы бәсекелестікке қабілет­тігінің сызбаларын кезекті, Үшінші жаң­ғы­ру арқылы толық қамтыған. Жалпы, Жол­дауда Президент Қазақстанның бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыратын Үшінші моделін жасауды көздейді. Осыған байланысты Президент Үкіметке нақты міндеттер жүктеп, алға қойылған мақ­саттарды іске асыратын тетіктердің жос­­парларын әзірлеуді тапсырды. Бүгінгі Қазақстан – Тәуелсіздігі берік қалыптасып, Бірінші және Екінші жаң­ғыр­уларды табыспен іске асырып, әлемдік экономиканың бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына еніп, енді жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді көздеп отырған ел болғандықтан, мұндай мақсатты алға қоюға толық қақысы бар деп санаймын. Жолдаудың өзінде Үшінші жаңғыру – ағымдағы жаһандық қатерлерге қарсы тұрудың жос­пары ғана емес, Стратегия-2050-ді «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде іске асыратын сенімді көпір деп аталған. Айта кететін болсақ, Президент елдің алдына бес басымдықты қойды, олар: экономиканы технологиялық тұрғыдан жедел жаңғырту; бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңіту; макроэкономикалық тұ­рақ­тылық; адами капи­талдың сапасын арттыру; институттық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Осы басымдықтардың әрқайсысы өзінің құры­лысы, мазмұны және мақсатты ұстанымы жағы­нан Қазақстанның мүддесін ғана көздемей, ол стратегиялық бағдарларды таңдау мен ойлану позициясынан алғанда, туысқан Өзбекстанда да қызығушылық тудырады. Ешқандай күдіксіз оны елдің саясаты мен экономикалық бағытын айқындаудағы жаңа іргелі құжат деп санауға болады. Стратегиялық дамудың жаңа кезеңіне өтуді халыққа арнаған Жол­дауында көрсету – дана әрі болашақты терең болжай­тын Нұрсұлтан Назарбаев сияқты мемлекет қайраткеріне тән. Қорыта айтқанда, мұны – Қазақ­станның жаңа жарқын болашаққа жетуін көздеген айрықша тарихи құжат деп бағалауға болады. Шавхат АРИФХАНОВ, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік құрылыс академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы
Соңғы жаңалықтар