Парламент Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев, Қуаныш Айтаханов және Әли Бектаев Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы мен конституциялық реформалар жөніндегі Үндеуін
Сенаторлар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, Жолдаудан туындайтын міндеттер аясында аймақты өркендету және оңтүстік өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін талқылады.
Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов Мақтаарал ауданында болған кезде Жетісай қаласында аудан активімен, мәслихат депутаттарымен және аудан еңбеккерлерімен жүздесті. Сенат депутаты биылғы Жолдаудың басым бағыттары, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған негізгі міндеттерге тоқталды. «Суармалы егіншілік ең дамыған Мақтаарал ауданы мемлекетіміздің стратегиялық маңызы бар аймақ. Кейінгі жылдары су тапшылығы пайда болғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовке депутаттық хат жолдап, өткір мәселенің биыл шешілетіні туралы жауап алдым», – деді сенатор.
Қ.Айтахановтың Шардара ауданында жергілікті тұрғындармен кездескен кезде Елбасының Жолдауында айтылған бес басым бағыттың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді. Ол Жолдауда айтылған еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелері бойынша нақты мысалдармен жан-жақты талдай отырып айтып берді.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы