• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Басымдықтар байыпталған басқосу

146 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері Ер­жан Құдайберген, Кәрібай Мұсырман, Бақтықожа Ізмұ­хам­бетов, Жанат Жарасов, Ерсұлтан Бектұрғанов, Мұхтар Ерман мен Фахриддин Қаратаев аймақтарға жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Кездесу Елбасының «Қа­зақ­станның Үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­ті­лік» атты халыққа арна­ған Жол­дауы мен саяси рефор­ма­лар­ды насихаттау мақса­тын­да өт­кізілді. Оқу ордасын­да­ғы кез­десу барысында Ел­басы Жол­­дауы жан-жақты түсінді­рілді. Депутат Ерсұлтан Бек­тұр­ғанов Жолдаудағы негізгі басымдықтар мен берілген тапсырмаларды нақтылай отырып: «Елбасы Жолдауында жаңа талаптарға сай жаңа кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөлінген. Бүгінгі таңда жұмыс берушілердің терең қисынды ойлай алатын, жаңа білімдерді қорытуға қабілетті мамандарға деген қажеттілігі артқан. Біз сіздерден жаңа буын техникасы мен технологияларын жасауға, ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге күш жұмсайды деген үміт артып отырмыз. Сондықтан сіздер технология, осы заманға сай идеялар, әлемнің ғылыми прогресс жаңалықтарына көңіл бөлулеріңіз керек», – деп жастарға жол сілтеді. Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсыр­ман еліміздегі саяси ре­форманың маңыз­дылығы туралы айта келе: «Билік тармақтары ара­сында өкілеттіктерді қай­та бөлу – елді жаңғыртуға бағыт­­талған маңызды қадам. Бұл реформа қазақстандық мем­ле­кеттілік пен демократияны дамыту жолының қисынды жал­ғасы болып, мемлекеттік бас­қару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді», – деп түсіндірді. Сонымен қатар, Мәжіліс де­путаттары жастардың пат­рио­­тизміне, үш тілді жетік меңге­руге аса мән беретіндігі тура­лы айтты. Кездесу барысын­да студент жастар халық қалау­лыларына сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар