• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Тәжікстан – Өзбекстан: Өзара ынтымақтастықты дамытуға мүдделі диалог

567 рет
көрсетілді

Кеңес Одағы кезінде Тәжікстан мен Өзбекстан Орталық Азия­дағы ең тығыз экономикалық ынты­мақтастықта болған елдер еді. Кеңес Одағы ыдыраған соң Орта­лық Азия республикалары оның әсерін экономикалық құл­ды­рау, инфрақұрылымдық ыды­рау және саяси шиеленіс тұр­ғы­сынан сезінді. 1992-1995 жыл­дары Тәжікстандағы азамат соғы­сынан кейін Ташкент пен Душан­бе арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үдемелі на­шар­лай бастады және онсыз да төмен деңгейде болған сауда айна­л­ымы міндетті визалық режім мен шек­телген жол, әуе және темір жол байланысы салдарынан біртіндеп өте төмен деңгейге түсіп кетті. 2000-жылдардың басында Өзбекстан өзінің көршісімен визалық режімді бастап, 2010 жылы Тәжікстанмен темір жол байланысы желілерін біржақ­ты тәртіппен бұғаттады. Тәжік­стан­ның темір жол арқылы импорты мен экспортының басым бөлігі Өзбекстан аумағы арқылы өтетіндіктен, ел сырт­қы әлемнен оқшауланып қал­ды. 2011 жылдың соңында Таш­кент, әсіресе, қысқа мер­зім­де ішкі тұтынудың жоға­ры деңгейіне байланысты Тәжік­­станға газ жеткізілімін азайтып, 2013 жылдың қаң­тар айында толығымен тоқтат­ты. Осының салдарынан тәжік компаниялары көмір пай­да­лануға мәжбүр болды және бұл жағдай өзара сауда айна­лымы­ның одан әрі төмендеуіне әкеліп соқтырды. Мәселен, екі ел арасындағы тауар айналы-мы 2000 жылғы 500 млн дол­лардан 2014 жылы 2,1 млн долларға дейін күрт түсіп кетті. Сонымен қатар, этностық азшылықтарға байланысты артқан шекара дау-дамайлары, елдердің ортақ шекарасы ар­қылы өтетін лаңкестерге қа­­тыс­­­ты алаңдаушылық және энер­­­­ге­­тикалық саясаттан туын­­да­­ған мүдделер қақты­ғысы екі ел арасындағы ынты­мақ­тас­­тық­қа кедергі болды. 1999 жылы Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасына мина қоя бастады. Бұл әрекет көптеген азаматтың құр­бандығына соқтырды. Таш­кент мұны Өзбекстан ислам қозғалысының Ауғанстаннан Өзбекстан аумағына таралуына байланысты алаңдаушылықтан туындаған іс-әрекет деп түсіндіруге тырысты. Алайда, соңғы бірнеше жыл ішінде екі ел де ұқсас ішкі экономикалық мәселелерге тап болып, «Талибан» қозға­лы­сының Ауғанстанда толас­та­маған шабуылдары мен ИЛИМ-нің (ДАИШ – Қазақстанда тыйым салынған) Орталық Азияның радикал топтарын тартуы сияқты сыртқы қауіп-қатерлерге ұшырағандықтан, жақындасу жолында бір­қатар әрекеттер басталды. Шын мәнінде, Тәжікстан-Өзбек­стан қа­рым-қатынастары Ду­шан­бе­де өткен Шанхай ынты­мақ­тас­тық ұйымы (ШЫҰ) саммитінде екі ел басшысының 2014 жылы күзде өткен отырысынан кейін нығая түсті. 2014 жылы екі ел арасында 2,1 млн доллар бол­ған тауар айналымы 2015 жылы 12 млн долларға жеткенін және 2016 жылдың алғашқы сегіз айында 41,9 млн долларды құра­ғанын атап өткен жөн. Алайда, Душанбе мен Ташкенттің екіжақты қарым-қатынастарына серпін беріп, өзара ынтымақтастығын өр­біту­­ге негізделген оң қадам­дар Өзбекстанда билік­тің ауы­суына тұспа-тұс келге­­нін атап өткен абзал. 2016 жыл­­ғы 2 қыркүйекте Өзбек­стан­­ның бірінші президенті Ислам Каримов қайтыс бол­ған­­нан кейін билік тізгіні үкі­мет басшысы Шавкат Мир­­зиеевке өткен болатын. Ш.Мир­­зиеев Өзбекстанның уа­қыт­­ша президенті болып таға­­йын­­далып, 2016 жылғы жел­­тоқ­­санда президенттік сай­­­лау­­да жеңіске жеткен соң, рес­ми түрде қызметіне кіріс­ті. 2016 жылдың 3 қыр­күй­е­­гін­де Тәжікстан прези­денті Эмо­мали Рахмон Самарқанд қаласында Ислам Каримовтің жерлеу рәсі­міне қатысып, Өзбек­стан­ның болашақ прези­денті Шав­кат Мир­зиеевпен кездесті. Тараптар Ислам Каримов билік басында болған кезде туындаған мәселелерді бір­ле­сіп мәмілеге келу арқылы бей­біт жолмен шешуге уағдаласты. Визалық режімді жеңіл­дету және шекарадан өткізу пункттеріндегі рәсім талап­тарын жұмсарту Тәжікстан президенті мен Өзбекстанның жаңа президенті арасындағы сындарлы үнқатысудың нәти­жесінде жүзеге асты. Бас­қа да маңызды қадам 2017 жыл­дың бірінші жартысында, 20 жы­лдан астам кезеңнен кейін Ташкент пен Душанбе ара­сындағы тұрақты әуе қатына­сын қалпына келтіру туралы келісім жасады. Тараптар шека­раны делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылауға қайта оралу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Себебі, әлі де шекараның кей­бір бөліктерін реттеу қажет. Екі ел арасындағы тағы бір маңызды қадам Рогун бөгетінің құрылысына қатысты жасалды. Осы орайда, он жылдан астам уақыт бойы Рогун бөгетінің құ­ры­лысына қарсы болған Таш­кенттің бұл құрылысты аяқтау үшін Вахш өзенін бұғаттау жөнінде қарсы пікір білдірмеді. 2016 жылғы 27-28 жел­тоқсанда Душанбеде Өз­бек­­стан мен Тәжікстан ара­сын­дағы Үкіметаралық сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық жөніндегі комиссияның 4-ші отырысы болып өтті. Кез­де­су барысында өзбек деле­га­­ция­­­­сына президент Шавкат Мир­зиеевтің 2017 жылы қолай­лы уақытта Душанбеге ресми сапармен келуі үшін шақыру берілді. Сонымен қатар, екі ел бір-біріне азық-түлік өнімдерін жеткізу және темір жол көлігі бойынша са­лық­­тар мен тарифтерді жұм­сарту жөнінде келісті. Шекара­лық ынтымақтастықты арттыру мақсатында көбірек жаңа өткізу пункттерін ашу және екі елдің кеден органдары арасындағы тығыз ынтымақтастыққа баста­ма­шылық жасау бойынша жоспар­лар жасалды. Комиссия­ның келесі отырысын 2017 жыл­дың маусым айында өткізу келісілді. Өкінішке қарай, Тәжік­стан және Өзбекстан екі ел арасындағы темір жол бай­ланысын, әсіресе 2012 жылы қиратылған Тәжікстанның Хатлон провинциясына баратын темір жол байланысын қалпына келтіру жөнінде әлі күнге дейін ортақ шешімге келген жоқ. Осы орайда, екі елдің азаматтары виза алу үшін консулдықтарда кезек­ке тұрудың орнына, елге жеткен мезетте әуежайда виза аламыз деп үміттенуде. Бұл тәртіптің күшіне енуі үшін ең әуелі Ташкент пен Душанбе тиісті келісімге қол қою керек. Жалпы, визалық режім екіжақты қарым-қаты­нас­тардың дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Қорытындылай келе, екі ел арасында энергетика мен сауда салаларындағы ты­ғыз байланысты байқауға бола­ды. Ең бастысы, екі ел Ауған­станмен шекараны бөлісуде, сол үшін қауіпсіздік мәселесінде жақын серіктестер болып, бір-бірімен барлау ақпараттарын алмасулары аса маңызды. Ташкент пен Душанбе ара­сын­дағы ынтымақтастық пен әріптестіктің күшеюі аймақ­тағы алып мемлекеттерге әрі Орталық Азия елдеріне тиімді болары анық. Осы орайда, Өзбек­стан мен Тәжікстан ара­сын­­дағы диалогтың күшеюі үшін аталған екі елге қол­дау көрсетілу қажет. Өзбек­стан 2012 жылы Ұжым­дық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы құра­мы­нан шығуы­на әрі Еура­зия­лық экономи­калық одақ­қа кіруге ниет біл­дір­меуі­не байланысты қажет­ті қолд­ау­ды ШЫҰ шең­берінде жү­зе­ге асыруға болады. Осы­лай­­ша ШЫҰ елдері ұйым шең­берін­де екі ел арасын­да ынтымақтас­тыққа негіз­делг­­ен диалогтың артуын ынта­ланды­ра алады. Жұлдыз БАЙЗАҚОВА, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қызметкері АСТАНА