• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

ЭКСПО-2017: қазақстандық туризмдегі бетбұрыс

1225 рет
көрсетілді

Қазақ­­стандағы 9 мыңнан аса архео­­логиялық және тари­хи мұ­ра­­лар, 118 айрықша қорғала­тын табиғи аумақтар, олардың ішін­­дегі ұлттық табиғи парктер әлем турис­терін қызықтыратын ор­та­­­лықтар болып табылады. Та­би­­ғаттың өзі тарту еткен Ал­маты облысындағы Алтын Емел, «Іле-Алатауы» ұлттық паркі, Пав­лодар облысындағы Баян­ауыл, Ақмола облысындағы Бура­­бай, «Тамғалы тастағы» жар­тас­­қа салынған суреттер, Шарын шатқалы, «Сыңғырлауық құм­дар», «Бесшатыр» сақ қор­ған­дары жаһандық жиһангер­лерді қызықтыратын орындар екені де даусыз. Сонымен бірге, Қазақ­стан Республикасының 2020 жыл­­ға дейінгі туристік сала­­ны дамы­­ту тұжырымдамасы шең­­берін­­де Астана, Алматы, Шығыс Қазақ­­стан, Оңтүстік Қазақ­стан және Батыс Қазақстан об­лыс­тық 5 ай­мақ­тық туристік клас­терлер айқындалған. Бүкіләлемдік туристік ұйым­­ның (UNWTO) мәліметі бо­йын­­ша, бір шетелдік турист ел эко­номикасына 1000 доллар та­быс әкеліп, орта есеппен 9 жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік бере­ді екен. Осылай бола тұрса да, тәуел­сіздік алған жылдар ішін­де Қазақстанда туризм қар­қын­ды дамып кетті деп айта ал­май­мыз. Бұл саланы дамытуда көр­ші мемлекеттерден де кен­же­леп келеміз. Дегенмен, 2017 жыл қазақстандық туризм­нің әлемге танылуында бет­бұрыс жыл болғалы тұр. Дуалы ауыз сарапшылар мен маман­дар­­дың айтуынша, ЭКСПО-2017 ха­лық­­аралық мамандан­дырыл­ған көрмесі Қазақстан туризмінің дамуы­на тың серпін беретін көріне­ді. ЭКСПО көрмесінің арқа­сында биылғы жылы еліміз 93 күн бойы тұрақты түрде әлем назарында болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ЭКСПО – шетелдік қонақтарды өзіне тартатын жаһандық дәреже­дегі айтулы оқиға. Халықаралық көрмелер тарихында бұл шараның көрме өткізілген елдегі туризмді дамытуға ерекше ықпал еткен мысалдары баршылық. Мәселен, Ганновер көрмесі іскерлік туризмді дамытып, қала­ға келетін бизнес өкілдерінің артуына бірден-бір себеп болған. Бүгінде Ганновер қаласына келе­тін бизнес-туристердің саны 2-2,5 есе артып отыр. Ал 2005 жылы Айти префектурасында өткізіл­ген ЭКСПО көрмесі ішкі туризм­нің қарқынды дамуы­на жағдай жасаған екен. Жаһан­дық көрме өткізу кезінде елге келетін қонақтардың көбейе­тіндігіне байланысты туристік инфрақұрылымды дамыту қа­жет­тігі туындайды. Мысалы, жо­ғары­да айтылған Ганноверде турис­тер үшін бүтін бір шағын аудан бой көтерсе, Сарагоса қала­­сында айналма жолайрығы салын­ған. ЭКСПО көрмесін өт­кізу кезінде Йосу қаласына тіке­лей Жапониямен және Қытай­мен бай­ланыс жасайтын әуе бағыттары ашылған. Сарагоса көрмесінің арқасында Мад­рид-Сарагоса-Барселона жоға­ры жыл­дам­дықты магистралі салынған. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанды туристік әлемге жаңа қырынан таныта­тын жаһандық шара екендігі дау­сыз. Қазірдің өзінде елордада өте­­тін көрмеге 115 мемлекет және 18 ха­лық­аралық ұйым қатыс­қа­лы отыр. Көрме жалауы елор­да­да жел­бірейтін 93 күннің ішін­­де бұл айтулы шараны 5 мил­лион­ға жуық көрермен тама­ша­лай­ды деп күтілуде. Көрме­ге келе­тін қонақтардың 85 па­йы­зын қазақ­стандықтар, 15 па­йы­­зын шетелдіктер құрамақ. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ком­паниясы тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, көр­меге шетелдік туристердің көп келуі­не жағдай жасайтын барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлемнің 45 мемлекетінің азамат­тары үшін Қазақстанға виза­сыз келу режімі күшіне енді. Осыған байланысты бұл елдер­дің азаматтары Қазақстан­да 30 күн бойы визасыз жүру мүм­кіндігіне ие болды. Қонақ­тар­дың жол қатынасын жеңілдету мақсатында жаңа әуе және темір жол бағыттары ашылуда. Астана әуежайында жаңа терминал құрылысы, сонымен бірге, жаңа темір жол вокзалы іске қосылмақ. Астана және Алматы қалаларынан қатынайтын халықаралық мар­шрут­тарды 63 бағытқа артты­ру көзделінсе, еліміздің ішкі әуе маршруттарындағы рейстер 231-ден 350-ге дейін көбейтілмек. Халықаралық көрме өткізілетін елордада шетелдік қонақтарға көрсетілетін қызмет сапасын арт­тырудың барлық шаралары қарас­тырылған. Қаламызда көр­ме ашылғанға дейін қосым­ша 1248 бөлмелік қоры бар 24 қонақ үй пайдалануға беріл­мек. Бала­лардың жазғы лагеріне ар­нал­ған ғимараттардың құры­лысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Елордада өтетін көрмеге келе­тін туристерге Қазақстан­ды барынша кеңінен таныстыру мақсатында еліміздің әртүрлі аймақтарына 73 туристік бағыт ашылмақ. Осы туристік бағыт­тар шеңберінде 12 ұлттық табиғи парк­терге туристерді апару қарас­тырылған. ЭКСПО-2017 көр­месіне келетін қонақтар еліміз­дің Шарын, Бурабай, Қарқа­ралы, Баянауыл сияқты ғажа­­йып өңір­лерінде болып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы­ның тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, «Тамғалы тастағы» жартасқа салынған суреттерді, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ғарыш кемелерін тама­шалайтын болады. Өткен жылы жүзден астам шетелдік компанияларды Қазақ­­с­танның туристік аймақ­тары­мен және Астана, Алматы қала­ларымен таныстыру мақ­сатында ақпараттық туристік сапарлар ұйымдастырылды. Осы туристік сапарлардың барысында шетел­дік туристік компаниялармен екі­жақ­ты келісімдер жасалды. 2016 жылдың 10 шілдесінен бас­тап, туристік компанияларға ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінің билеттерін сату шарасы басталды. Бүгінге дейін шетелдік туристік компаниялардың 100 мың билет сатып алуы жөніндегі келісімшарттар күшіне енді. Көрмеге келетін туристерге жан-жақты қызмет көрсету жөніндегі мәселелер арнайы құрылған ЭКСПО-2017 қоғамдық кеңесінің тұрақты бақылауына алынған. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»