• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Партизандар отбасына ескерткіш орнатсақ...

483 рет
көрсетілді

Осы мақаланы жазбас бұрын облыс орталығындағы Дүйсенов көшесі 177 үйде Ақәділовтерге арналған мемориалдық тақта алдына бардым. Тақтада Отан соғысына қатысқан партизан отбасы Жылбек пен Жамал, орталарында қыздары Майя бейнеленген. Сонымен бірге, қаладағы Даңқ алаңы мемориалдық тақтасына да Ақәділовтердің есімдерін жазып, көше беріп, ескерткіш орнатсақ деген ой келді. Кезінде жазушы аға­мыз Әди Шәріповтің «Пар­ти­зан қызы» кітабын бәрі­міз де қызыға оқыдық. По­­вес­тегі кішкентай қыз Майя­ның әке-шешесі Жыл­бек пен Жамал Ақә­ді­ловтер Баянауылдың Бір­лік ауылында дү­ние­ге келген. Жылбек Шым­кенттегі Қапланбек ауыл­ша­руашылық техникумын бітіріп, Сарыағашқа жі­бе­рі­леді. Содан соң Кушка қа­ласында жасақ­тал­ған 152 атты әскер қа­тарына алынып, сүйген жары Жамалмен бірге Бело­руссия­ға аттанады. Кенет­тен соғыс басталады. Бе­­­ларусь орманындағы пар­­­­тизандар қосынында Майя 1941 жылдың 27 қа­рашасында өмірге ке­леді. Жылбек Ақәділов Румыния, Венгрия, Че­хословакия, Австрия жер­ле­рін жаудан азат етуге қа­тысқан. Соғыстан кейін Жылбек ата қаржы саласында, Жамал апа тігінші, ал «Партизан қызы» Майя ұстаз болып қызмет етті. Ақәділовтердің соғыс ке­зін­дегі жауынгерлік жолда­ры туралы кітап та бар, кинофильм де бар. Жоғарыда айтылған ескерткіш тақтаға келетін болсақ, марқұм Дыбысбек Тастенов деген ағамыз 2003 жылы қалалық әкімдіктің есігін тоздырып жүріп, «өз қаражатыңызға жасай бе­рі­ңіз» деген рұқсаттан кей­ін осы тақта орнатылған еді. Соғыс өртін көрген жа­н­дарға қалалық әкімдік осы­лай немқұрайлық танытты. ...Өткен жылдың күз айында Баянауылдың Торайғыр, Бірлік, Ақсан ауыл­­дарына жолсапармен ба­­рып қайтқанбыз. Бір­лік­те Ақ­мектеп бө­лімшесін қос­­­қанда барлығы мыңға жуық адам қалыпты. Мек­теп­­те 150 оқушы білім ал­а­ды. Біз көргеніміздей, мек­­теп іші жарқырап тұр, сыныптары кең, тап-та­за. Ауыл бала­ларының оқып-білім алуларына бар­лық жағдай жасалыпты. Ауласында жасанды жа­сыл төсеніштері бар спорт алаңы бар. Бірліктің мектебі өңір­дегі «Үздік ауыл мектебі» қа­та­рына алынып, оқу-білім са­ла­сындағы жетіс­тік­те­рімен алда келеді екен. 2016 жылдың қараша айында Үкімет қаулысы шығып, «Бірлік жалпы орта білім беру мектебіне» Жылбек Ақәділов есімі беріліпті. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ауыл тұрғындары Ж.Ақәділовтің зиратының басына барып, белгі орнатып қайтыпты. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Соңғы жаңалықтар