• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Ақтау аспанында шармен қалықтайсыз

153 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының теңіз жағасында орналасуы туризм саласында мол мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, жер көріп, ел тану мақсатында туристік сапармен келгендерге сапалы сервистік қызметтермен бірге, өз елімізді, жерімізді жақсы жағынан көрсете білу де басты мақсат. Ақтауда ауа толтырылған шармен саяхаттау жобасы жасақталуда. Жобаның тұңғыш қонақтары алғаш рет шармен әуеге көтеріліп, Ақтау мен көк теңізді биіктен тамашалап көрді. 900 метр биіктікке көтеріле алатын шардың кәрзеңкесіне ұшқыш-басқарушыны қосқанда 5 адам сыяды. Жобаны қолға алған жастар тобы өз бастамаларының тұрғындар үшін қаланы дамыта түсудің бір бағыты екенін, бұл кәсіпті ашу үшін көп ойланып барып ортақ шешімге келгендерін айтады. Қазір өздерінің шеберліктерін шыңдап жүрген жастар сынақтар өткізуде. Жаңа бастамаға жұмыла кіріс­кен жастар өз жұмыстарының жұрт­шылыққа ұнайтынына сенімді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы