Құрманғазы ескерткіші (Ақтау)
Қилы тағдыр иінінде 60-тан астам күй шығарған күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші Ақтау қаласында 2011 жылы қыркүйек айында орнатылды. Ақтау қаласының сол кездегі бюджетінен 150 млн теңгеге жуық ақша бөлінген ескерткішті дайындауға бір жылдай уақыт жұмсалды. Тұғырымен қосып есептегенде 12 метр биіктікті құрайтын мүсін тұтастай қоладан құйылған. Мүсінші – Көшер Байғазиев. Құрманғазы ескерткіші Ақтау қаласының орталығындағы «Ынтымақ» алаңына орналасқан.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН