• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Қолдауға лайықты бастама

134 рет
көрсетілді

Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкі­леттігінің бір бөлі­гін Парламент пен Үкімет­ке беру жөніндегі Үн­деуі­мен танысып шық­­тым. Қазақстан Тәуел­сіз­дігіне 25 жыл тол­ған кезеңде, Конс­титуцияда бекітілген прези­денттік басқару жүйесіне қатысты мұндай тың шешімнің қабылдануы мені таңғалдырды. Президент Үндеуінде айтылған мәсе­лелерде парламенттік басқару жүйесі­не көшуге деген ұмтылыс көрініс тап­қан. Ар­найы құрылған Жұмыс тобы әзір­леген нақ­ты шешімдер, Қазақстан Респуб­ликасының Конс­титуциясы мен заңдарына түзетулер енгізу жобасы осының айқын айғағы. Өзімнің тарапымнан бұл жұмысқа үлкен қызығушылықпен қараймын. Бұл қадам Қазақстанды дамудың жаңа белестеріне көтеретініне сенімдімін. Казимеж Клейна, Польша Респуб­лика­сының сенаторы