• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Қазақстанға BMW-ның жаңа моделі әкелінеді (ФОТО)

1086 рет
көрсетілді

Жаңа "бесінші" BMW-ның сатылымы, ертең, яғни 11 ақпаннан басталады. Жалпы, әлем бойынша бұл көлік ертең алғаш рет сатылымға шықпақ.

Ең бастысы, G30 көрсеткішті седан 7-Series моделінің бірқатар ерекшеліктеріне ие, демек жаңа көліктің өзіндік артықшылықтары да бар деген сөз. Көліктер артқы жетекпен (задний привод) де, толық жетекпен (полный привод) де шығады. Ең қызығы, Қазақстанда бұл көліктің жанармаймен жүретін түрі ғана емес, сонымен қатар, дизельмен жүретіні де сатылады. Бұрын-соңды BMW-ның дизельді мұндай көліктері елге әкелінбеген еді.

Ең арзан BMW 530i (252 л, 8-деңгейлі автомат пен артқы жетек) бағасы 13.2 млн теңгеден басталады. Дизельді түрі арзандау. Кемінде 11.8 млн теңге. Ал гибритті 530e iPerformance көлігінің бағасы әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар