• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

«СК-Фармация» компаниясына айыппұл салынды

153 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Ахметов «СК-Фармация» ЖШС-тің монополияға қарсы заңнаманы бұзғанына қатысты түсінік берді. –Жақында еліміздің монополияға қарсы органы «СК-Фармация» ЖШС-ның монополиялық жағдайды теріс пайдаланғанын аңықтады. Бұл компания тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу және халықты дәрімен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьюторы болып саналады.  2010-2015 жылдар аралығы кезеңінде «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын бірыңғай лотпен заңсыз сатып алғаны аңықталды. Осыған байланысты сот компанияға 1,3 млрд. теңге әкімшілік айыппұл салды, – деді ол.    
Соңғы жаңалықтар