• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

ҚР Парламент Мәжілісінде әйелдер үлесі 27 пайызды құрайды

128 рет
көрсетілді

Бүгінде Парламент Мәжілісінде әйелдердің үлесі 27 пайызды құрап отыр. 2006 жылы бұл көрсеткіш небәрі 10 пайыз ғана болатын. Бұл туралы бүгін Астанада «Корпоративтік секторда әйелдердің мүмкіндігін кеңейту» атты халықаралық форумда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді. Оның айтуынша, Бүкіләлемдік экономикалық форумның мәліметтері көрсеткендей, 2016 жылы Қазақстан әйелдердің парламенттегі үлесі бойынша 144 елдің ішінде 48-орынды иеленіп отыр. Шағын және орта бизнестің белсенді бөлігінің 44 пайызын әйелдер басқарады. Олар шағын және орта бизнес саласында жұмыс орындарының 31 пайызын қамтамасыз етуде. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері елдің барша азаматтары үшін барлық салада құқықтарын тең ету бойынша кезең-кезеңмен жұмыстар атқарып келеді. Біз 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік бағытындағы стратегияны сәтті жүзеге асырдық. Бейжің платформасы палатасының мақсаттары аясында әйелдердің ел дамуындағы үлесін кемінде 30 пайызға жеткізу мақсатын орындадық», - деді Мемхатшы. Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, әйелдер бизнесі мемлекеттік бағдарламалардың негізінде, Үкімет пен халықаралық даму институттары, ЕҚДБ, БҰҰ Даму Бағдарламасы, Дүниежүзілік банк және өзге де ұйымдармен келісімі негізінде дамытылуда. Сонымен қатар «ҚазАгро» холдингі ауыл әйелдері арасында кәсіпкерлікті дамытуды қолға алуда. Соңғы 3 жылда холдинг несиелерінің 32 пайызы әйелдерге берілген. «Осының арқасында Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы әйелдердің экономикадағы үлесі мен белсенділігі рейтингісінде 31-орынға жайғасты», - деп атап өтті Әбдіқалықова.