• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

ҚР Әкімшілік кодексі ізгілендірілетін болды

186 рет
көрсетілді

Қазақстанда Әкімшілік кодекс ізгілендіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік мемлекеттік мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеген. «Аталған заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту, санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды көбейту, жеңілдететін мән-жағдай анықталған кезде сотқа, органға лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормаларды қолдану, тоқтата тұруға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жойған кезде рұқсат беру іс-әрекетін мерзімінен бұрын қайта жаңғырту тәртібін регламенттеу ұсынылған», - деді Бекетаев. Сонымен қатар Бекетаевтың атап өтуінше, Әділет министрлігі ҚР Президентінің мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын жоспарлы түрде орындауда.