Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы Астанада өтіп жатқан Федерация кубогының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеуде Тайланд құрамасынан басым түсті.
Алғаш болып кортқа Галина Воскобоева шығып, Нича Лертпитаксинчайды 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Бұдан кейін еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Луксико Кумхумды 6:1, 6:3 етіп ұтты.
Қарсыластарын уақытынан бұрын жеңген отандастарымыз А тобында көш бастады. Енді Федерация кубогының әлемдік кезеңіне шығу үшін В тобының жетекші ұжымымен кездесуі тиіс.