• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Рыпакова Қазақстан чемпионатын жеңіп алды

168 рет
көрсетілді

Жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова Қазақстан чемпионы атанды. Ұзындыққа секіру сайысында жарыс жолына шыққан ол бірінші орын алды. Оның алты рет секірген мүмкіндігінің ішінде 6 метр 44 сантиметр көрсеткіші ең үздік нәтиже болды. Жабық кешендегі Қазақстан біріншілігі бүгін, яғни 10 ақпанда басталып, үш күнге созылады. Айта кетейік, 2012 жылы Рыпакова Лондонда өткен Олимпиадада алтын жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, былтыр Риода қола медаль еншілеген. Ал 2008 жылы Бейжіңде өткен додада қола жүлде алған еді. Бірақ кейін бұл сында күміс алған ресейлік Татьяна Лебедева допинг дауына ілігіп, оның күмісі біздің отандасымызға берілді.
Соңғы жаңалықтар