• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Әсет Исекешев елордалық кәсіпкерлермен кездесті

137 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясы өтті. Шара аясында қала әкімі Әсет Исекешев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаевпен және қаланың бизнес-құрылымдарымен кездесті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Конференцияда кәсіпкерлікті дамытудың басты басымдықтары талқыланды, сондай-ақ, елорда нарығына ауыл шаруашылық өнімдерінің тікелей жеткізілімдерін ұйымдастыру мүмкіндіктері және қаланың бизнес ортасын жетілдіру жайы талқыланды. Сонымен қатар, елордада бизнестің барлық салаларын одан әрі дамыту, МЖӘ жобаларын келісу процедураларын барынша оңтайландыру бойынша ҰКП ұсыныстары айтылды. Жер телімдерін пайдалану мақсатын, тұрғын үй емес нысандардың функционалдық арналуын өзгерту, салықты уақытында төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін төмендету, энергетика, көлік, логистика, ТКШ қызметтерінің құнын төмендету мәселелері қаралды. «Біз көтерме-тарату орталығына басымдық беріп отырмыз, және оңтүстік өңірлердің фермерлері үшін және Орталық Азия өнімдері үшін Астана базарларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірнеше көтерме-тарату орталығын құру жоспарланған, яғни, ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткізілімдері үшін барлық тосқауылдарды алып тастау қажет. Қала әкімдігінде биыл МЖӘ бойынша 34 жоба жоспарланған. 6 балабақшаның құрылысы бойынша инвесторлар арасында байқау өтті. Жатақханалардың құрылысы, жылы аялдамаларды орнатуға базарлар және т.с.с. орташа нысандар МЖӘ бойынша бәсекелестік ортаға берілмек. Біз көптеген мемлекеттік қызметтерді аутсорсингке беруге әзірміз, мысалы, қар жинау сияқты жұмыстарды. Қаладағы көп шаруаны жеке инвестиция есебінен іске асыру көзделіп отыр», – деді Әсет Исекешев.