• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Ақын Ескен Елубаев қайтыс болды

1219 рет
көрсетілді

Қазақтың белгілі балалар ақыны Ескен Елубаев қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Белгiлi балалар ақыны Ескен Елубай ағамыз қайтыс болды. Қоштасу рәсімі ертең 10:00-де Жазушылар одағында болады», ­- деп жазды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик Бейбіт Сарыбай Фейсбук парақшасында Ескен Елубаев 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында және «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Негізінде ақын шығармашылығын балалар тақырыбына арнады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі мәрте жүлдегері (2007-2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері болған. Қырықтан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген. Шығармалары: Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.
Соңғы жаңалықтар