Қазақстан Президентінің төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кеңеске Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер мен компаниялар, сондай-ақ, еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды.
Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.