• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Орындалуына бірге атсалысуға шақырды

271 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Екатери­на Никитинская Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бә­секеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын талқылау мақ­сатында Алматы қаласын­дағы Түрк­сiб ауданына қарасты №83 мектеп-гимназия ұжымымен кездесті. Кездесуде сөз сөйлеген Парламент Мәжі­­­лі­сінің депутаты, «Ақ жол» фрак­ция­сының мүшесі Е.Никитинская Жол­даудың мән-маңызы мен ерекшелігін көпшілікке кеңінен түсіндіріп, онда көр­сетілген бес басымдықтың әрқайсысы­на жеке-жеке тоқталды. Әсіресе, ол білім алу­дың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәсе­лелеріне ерекше назар аударып, жан-жақты талдап берді. Халық қалаулысы, әсіресе, маңызды салалардың бірі болып табылатын білім беру мәселесін тереңнен сөз етті. «Мемлекет басшысы Жолдауының төр­тін­ші басымдығы адами капитал сапа­сын жақ­сартуға арналған. Бұл – білім беру, ден­саулық сақтау, әлеуметтік қам­сыз­­дан­дыру салаларын дамыту жөніндегі жү­йе­лі көзқарас. Экономикалық өсудің жаңа моделінде білім беру орталық буын­ға ай­на­луға тиіс. Біріншіден, оқу бағдар­ла­ма­ларын жаңғырту, яғни «сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамыту, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалып­тастыру» жөнінде міндет қойылып отыр. Қазір мазмұны жаңартылған оқу бағдар­лама­лары мен оқулықтарын, сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін өл­шем­­шарт­пен бағалау жүйесін кезең-кезең­мен бай­қап көру жұмысы аяқталды», – деді депутат. Сұхбат түрінде өткен кездесу бары­сын­да оқу орнының ұстаздары көкей­лерін­де жүрген сауалдарын қойып, тұшым­ды жауаптар алды. Сонымен қатар, Жол­дауда көрсетілген міндеттерге орай өз ұсы­ныс­тарын да білдірді. Ал депутат маңыз­ды құжатта жүктеліп отырған жауап­кер­шілікті терең сезінуге және оның оры­ндалуына бірге атсалысуға шақырды. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ