• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Арнайы сайт ашылды

130 рет
көрсетілді

Нидерланд Сыртқы істер министр­лігінде осы елдің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрмеге қатысуы қарсаңында арнайы интернет-сайттың ресми тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл интернет-ресурс Нидерландтағы Сауда және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің электрондық порталының базасы негізінде дайындалған, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Сайтта ең алғаш рет Ни­дер­­ландтың ЭКСПО-2017 көр­месіне арналған лого­типі мен «Low Land, High Energy» деген жазуы бар ұраны (слоган) таныс­ты­рылған. Осы арқылы нидер­ланд­тықтар бала­малы энер­гетика саласын­дағы озық технологиялар мен ин­но­ва­­­ция­ларды әзірлеудегі өз жетіс­т­ік­терін көрсетуге тырыс­қан. Интернет пайдалану­шы­лары сайттан нидер­ланд­тық­тар­дың ЭКСПО-2017-ге қойы­латын ұлттық павильоны туралы ақпараттарды, іс-шара­лар бағдарламасын, сондай-ақ, Қазақ­стан туралы пайдалы мәлі­меттерді таба алады. Мәселен, сайттың Қазақ­стан­да биз­несті жүзеге асы­ру» тақы­ры­­бындағы бөлі­мін­де Астана­дағы көр­ме гол­лан­диялық кәсіп­кер­лер­ге ба­ла­­малы энергетика, ауыл шаруа­шы­­­лығы, «жасыл» техно­логия­лар мен ин­новациялар секіл­ді салаларда іскер­лік байла­­ныстарды жақсартуға үлкен мүм­кіндік беретіні ай­тылған. Сонымен қатар, бұл елде сту­дент­­­терге – «жаңа­шыл­­дар­дың бола­­­шақ буыны­мен» жұмыс жүр­гізу­­ге де ай­­рықша көңіл бөлінген. Бұл ретт­е, Нидер­ланд деле­га­циясы ЭКСПО көрмесі кезінде гол­лан­­диялық және қазақ­стан­дық студенттер ара­­­сында білім жөнінен тәжірибе ал­­ма­­­су­ға бағытталған «Innovation Challenge» акциясын өткізуді көз­деп отыр. Аталған сайттың ресми түрде ашылу рәсімінің ал­дында Қазақ­станның Нидер­ландтағы елшісі Мағжан Ілия­сов Нидерланд­тың Ұлттық комиссары Ханс Дрис­сермен кездесті. Кездесу барысында Нидерландтың ЭКСПО-ға және 22-23 ақпан күндері Ас­танада өтетін Халықаралық ко­миссарлар жиналысына қатысуына дайындық барысы талқыланды. Сонымен қатар, қос та­рап Нидерландта ЭКСПО-2017-ге арналған ресми сайт­тың ашылуы Астанада өте­тін халықаралық көр­­ме­ге қатысушылар мен қонақ­­­тар­­ды көптеп тартуға сеп болатын­дығына сенім білдіруде.