• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

БҚО-да мұнай өңдеу зауыты салынбақ

275 рет
көрсетілді

Теректі ауданы Богданов ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінде «АВS-мұнай» ЖШС мұнай өңдеу зауытын салу көзделуде,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, онда жоғары сапалы битум, дизельді отын, керосин мен бензин өндірілмекші. Шетелдік инвесторлар қолға алғалы отырған жоба құны 400 млн. АҚШ долларынан асады. Зауыт құрылысы үш жылға жоспарланған, оған 500-дей адам тартылмақшы. Ал зауыт іске қосылған кезде 200 адам еңбек етсе, соның жартысы жергілікті тұрғындар болмақ. Құрылыс кезінде Подстепный-Федоров-РФ шекарасы бағытындағы жолдың бір тармағы ретінде Алғабас стансасына дейін жол салынбақшы. Жалпы, ауданда жеті-сегіз жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Аталмыш зауыт - соның бірі», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Мұрат Мұқаев.