Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 2017 жылдың 13-14 ақпан күндері Астана қаласының аумағында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлайды.
Аталған шаралар террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындағанда мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталған.
Оқу-жаттығу шеңберінде қаланың жекелеген учаскелерінде халықтың және көлік құралдарының жүріп-тұруына шектеу енгізілуі мүмкін.