• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

БҚО-да 500-ден астам бордақылау алаңы салынады

155 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстанда 500-ден астам бордақылау алаңын салу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі. Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімі 17%-дан асқан. Өткен жылы дәнді-дақылдардың ЖӨӨ 3 есе өскен. Ірі қара мал басының өсуі байқалады (ІҚМ - 5,5%, жылқы - 11,5%, ұсақ мал - 2,5%). Бұдан бөлек, әкімдікте хабарланғандай, «Агробизнес - 2020» жаңа бағдарламасын іске асыру аясында биылғы жылы өнімділігі жылына 6 мың тоннаны құрайтын құс етін өндіретін құс фабрикасы өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 500-ден астам бордақылау алаңын салу жоспарланған. «Көрсетілген бағыттар бойынша ел Үкіметінің бақылауымен тиісті министрліктермен әріптестік жасау жүргізілуде», - деп атап өтілді әкімдікте. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы экспорт үшін жаңа бағыттар ашып, мүмкіндіктерімізді арттырады. Қазір ет Ресейге, Әзірбайжанға және басқа елдерге экспортталады. Өткен жылы ет экспорты 2 мың тоннадан артық болды. Сондай-ақ, өңір Грузияға, Түркменстанға, Тәжікстанға, Ауғанстан мен Қырғызстанға ұн өнімдерін (30 мың тонна) экспорттайды.